Алматыда 71,9 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Құрылтайшысы шетелдік компания болып саналатын заңды тұлғаның заңсыз иелігіндегі 72 гектар ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтарылуына қол жеткізді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тексеріс нәтижесінде қаланың элиталық бөлігінде орналасқан учаскелер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып пайдаланылғаны анықталды, себебі шетелдік субъектілер Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы жерлеріне иелік ете алмайды.

Прокуратураның талап-арызы бойынша қаланың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жерді мемлекетке қайтару туралы талаптарды қанағаттандырды. Апелляциялық сатыдағы сот шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Осылайша құны 5,9 млрд теңге болатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Алматы жер телімі мемлекет қайтарылды

Тақырыпқа жаңалықтар