Алматыда әйел жантүршігерлік жағдайда көз жұмды

Алматыда әйелдің үстіне ағаш құлап мерт қылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға бүгін Әди Шәріпов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында болған. Ағаштың сынған бұтағы өтіп бара жатқан әйелге құлап, ол оқиға орнында көз жұмды.

Марқұм 27 жастағы Татьяна, бухгалтер болып жұмыс істеген. Оқиға кезінде ол әріптесімен кофе алуға шығып, жұмысқа қайтып бара жатқан. Әріптесі шетке секіріп үлгерген, ал бұтақ Татьянаға құлаған. Оның артында күйеуі мен 6 жасар ұлы қалды.

Оқиға орнында полиция мен сарапшылар жұмыс істеуде.

Алматы қыз ағаш соққы
Бүгін, 16:32 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:24 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 17:17 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар