Қазақстан жаңалықтары21 ақпан 2024, 16:00

Алматыда дәрігерлер жағдайы үмітсіз науқастың өмірін сақтап қалды

Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері жағдайы үмітсіз болып көрінген науқастың өмірін сақтап қалды. Оның аман қалу мүмкіндігі күмәнді болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

69 жастағы зейнеткер ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті.Зәрінде қан болып, қуық асты безі ісініп, асқазан жарасы асқынып, бұрын миокард инфарктісі болған, коронарлық және бүйір артерияларын стенттеуден кейінгі жағдай, семіздік және анемия. Сондай-ақ, 2023 жылғы наурызда жүрек соғысының бұзылуына байланысты кардиостимулятор орнатылған.

Емдеу қосалқы ауруларымен күрделенді. Дәрігерлер қан сұйылтқыш терапияны тоқтата алмады.

«Көп қанын жоғалтқан. Қиын шешімге тап болдық: егер қан сұйылтатын дәрі қолдасаңыз, қаны кетіп өледі, ал гемостатикалық препарат қолдансаңыз қан тамыры патологиясына ұшырап өледі. Осыған ұқсас патологияны емдеудің қолайлы әдісі - қуық асты артериясының эмболизациясы бұған дейін бүйір артерияларына стенттеуден өткізгендіктен сәйкес келмеді», - деп еске алды № 7 қалалық клиникалық аурухананың емдеуші уролог дәрігері Руслан Жұмаділов.

Урологтардан, анестезиолог-реаниматологтардан және операциялық бөлімше медбикелерінен құралған операциялық бригада кәсіби шеберліктерінің жоғары деңгейін көрсетті.

Операциядан кейін пациент бір тәулік бойы реанимация бөлімшесінде бақылауда және емделуде болды. Урология бөлімшесіне ауыстырылғаннан кейін пациент өзін жақсы сезінді, зәрінде қан болған жоқ. Операциядан кейінгі консервативті терапия нәтижесінде пациент қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.

Заманауи технологиялар, дәрігерлердің жоғары біліктілігі және еліміздің ірі көп бейінді ауруханасының бірегей тәжірибесі бұрын үмітсіз деп есептелген пациенттерді құтқаруға мүмкіндік береді.

Алматы № 7 қалалық клиникалық ауруханасы аман алып қалды Ота

Тақырыпқа жаңалықтар