Алматыда мамырдан бастап кезекте тұрған 800-ден астам адам баспана алды
Алматыда мамырдан бастап кезекте тұрған 800-ден астам адам баспанаға ие болды. Алматыда әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға пәтер беру жалғасып жатыр, дейді Алматы қаласының әкімдігі. Бұл жолы мүмкіндігі шектеулі адам, жетім бала, ардагер және т.б. 218 тұрғын баспаналы болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Олар 2011 жылдан 2012 жылға дейін жалға берілетін тұрғын үй кезегінде тұрған.
Мамыр айынан бастап 800-ден астам қала тұрғыны бірнеше кезең бойынша пәтер алды.
Алматы әкімі Ерболат Досаев биыл коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімі бойынша кезекте тұрған азаматтарға екі мың жалға берілетін пәтер беруді тапсырды.
Оның 400-і жетім балаларға беріледі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: