Алматыда нәрестелерді сатқандар ұсталды

Ішкі істер министрлігі адам саудасымен байланысты бірқатар ауыр қылмыстың жолын кесті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Барлығы 39 факт тіркелді, оның 6-ы кәмелетке толмағандарға қатысты. Алматыда жаңа туған нәрестелерді сату фактілеріне қатысы бар қылмыстық топ әшкереленді.

Олар қиын өмірлік жағдайға тап болған жас әйелдерді сыйақы үшін сәбиін бөгде адамға беруге итермелеген. Ақмола облысында еркін жыныстық қатынасты насихаттаған діни топ анықталды.

Тінту барысында діни әдебиеттер, атрибуттар мен ритуалдық заттар табылды.

Алматы нәресте Сауда Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар