Алматыда шетелдік туристер ең көп баратын орындар белгілі болды
Алматы әкімдігі шетелдік туристер қаңтар-қараша аралығында ең көп барған орындардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ең танымал бағыт ретінде «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты анықталды.
Сондай-ақ туристер арасында Үлкен Алматы көлі, Медеу, MEGA сауда-ойын-сауық орталығы, Арбат, Шарын шатқалы және Көлсай көлі жоғары сұранысқа ие. Мәдени-тарихи және рухани нысандар ішінде Көктөбе мен Вознесенский шіркеуі ең танымал.
Айта кетейік, жыл басынан бері Алматыға 563 мың шетелдік турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға жоғары.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: