Алматыда тамағына темір кіріп кеткен балаға 1,5 сағат операция жасалды
Алматылық дәрігерлер тамағына қоршаудың темірі кіріп кеткен 9 жастағы баланы аман алып қалды. Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тамағына үшкір темір кіріп кеткен бала жедел жәрдем бригадасымен балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөліміне жеткізілді. Әкесінің айтуынша, бала велосипедтен темір қоршауға құлап, жарақат алған, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Балаға аралас жарақат диагнозы қойылды. Жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, трахея мен ауыз қуысының зақымдалуы мен мойын жарақаты. Баланың мойын аймағында ұзындығы 6 см жара болды, одан 4 см/10 см өлшемді бөгде зат - металл қоршау бөлігі шығып тұрды», – дейді дерігерлер.
Баланың жағдайы ауыр деп бағаланды. Науқас жедел түрде ота жасау бөлмесіне жеткізілді. Жоғарғы шеті найзаның ұшы тәрізді болып шыққан металл қоршаудың бір бөлігін алып тастау үшін хирургтарға 1,5 сағат қажет болды.
«Жарақат нәтижесінде баланың трахеясы (2 сақинасы жыртылған), қалқанша безі, төменгі оң жақтың артқы қыртыстық табақшасының қозғалғыштығы, оң жағының шырышты қабаты қатты зақымдалған», - дейді жоғары санатты дәрігер, Орталықтың жақ-бет хирургы, Аида Уразаева.
Қазір баланың жағдайы тұрақты.
Дүйсенбі күні науқас жансақтау бөлімінен нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды, ем қабылдап жатыр.