Алматыға жарты жылда 1 млн-нан астам турист келді

Алматыға жарты жылда 1 млн-нан астам турист келді, деп хабарлайды Arbat.Media.

2025 жылдың алғашқы жарты жылында Алматы қаласына 1,14 миллионнан астам турист келді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға артық. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасы хабарлады.

Туристердің ішінде 323,5 мың шетелдік және 816,5 мың отандық саяхатшы бар.

Әсіресе Қытайдан келетін туристер саны айтарлықтай өскен. Биылғы 6 айда Алматыға 54,1 мың қытайлық азамат келіп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 33,4%-ға артқан. Қытай туристері сан жағынан Үндістаннан кейінгі екінші орында. Үздік бестікте сондай-ақ Түркия, Оңтүстік Корея, АҚШ, БАӘ және Германия азаматтары бар.

Айта кетейік, туристер ағынының артуына қаланың туристік инфрақұрылымын дамыту және заманауи сервистерді енгізу бағытындағы белсенді жұмыс ықпал еткен.

Алматы турист келді өңір

Тақырыпқа жаңалықтар