Қазақстан жаңалықтары27 қаңтар 2024, 19:30

Алматылықтар тағы жер сілкінісін сезінді

27 қаңтарда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

- Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.0. Магнитудасы - MPV 5,5. Жер сілкінісінің координаталары солтүстік-батыс бойынша 41,26°. Тереңдігі - 5 км. Байқағыштығы туралы мәлімет (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласы – 2 балл, - делінген Алматы қаласы бойынша оператордың хабарламасында.

Алматы жер сілкінді

Тақырыпқа жаңалықтар