Қазақстан жаңалықтары11 маусым 2024, 12:23

Антикор жол салу кезінде жасалатын жемқорлыққа талдау жүргізеді

Антикор жол құрылысы саласына жемқорлық тәуекелдері бойынша талдау жүргізеді. Мемлекет басшысының жол саласындағы жемқорлықты жою жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Көлік министрлігі жол құрылысы саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне бірлескен сыртқы талдау жүргізеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгін қос ведомство басшылары Асхат Жұмағали мен Марат Қарабаев бірлескен кеңесте осы талдау барысында шешілуі тиіс өзекті мәселелер мен міндеттерді талқылады.

Соңғы 3,5 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 64 жемқорлықты тіркеп, 70 адамды әшкереледі, 38 адам сотталды.

Залал сомасы 8,8 млрд теңгені құрады.

Негізінен қылмыстар парақорлық, жымқыру, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілеріне байланысты.

«Жол жұмысы сапасының төмендігі құрылыстың барлық кезеңдерінде (бюджеттік жоспарлау, жобалау, сметалық жоспарлау, жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасы, техникалық қадағалау, қабылдау, пайдалануды бақылау) жүйелі жемқорлық тәуекелдерімен байланысты. Осыған орай, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жол саласына бөлінген барлық қаражатты жоспарлау және жұмсау үдерістері зерделеніп, жол құрылысының халықаралық тәжірибесін, атап айтқанда, Гонконг, Сингапур, Қытай тәжірибесін зерделеуге ерекше назар аударылады. Талдау нәтижесі бойынша жол құрылысының барлық кезеңдерінде жемқорлық тәуекелдерін жою және жолын кесу күтіліп отыр. Ғылыми қауымдастықпен бірлесіп құрылыстың жаңа технологиясын енгізу тетіктері әзірленіп ұсынылады", - деп атап өтті Асхат Жұмағали.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жол құрылысы саласындағы қалыптасқан жағдайды өзгерту бойынша кешенді шараларды белгіледі.

Антикор Жол салу Жемқорлық талдау

Тақырыпқа жаңалықтар