Қазақстан жаңалықтары12 шілде 2024, 17:00

Ақмола облысы: төбелескен әкім орынбасары мен аппарат басшысы айыппұл төледі

Ақмола облысында төбелескен Шортанды ауданы әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы жазаға тартылды. Сот үкімімен екеуіне де 55 380 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Ақмола облысы сотының баспасөз қызметінің мәліметінші, Шортанды аудандық сотында аудан әкімінің орынбасары «А.» және аппарат басшысы «Б.» бір-біріне қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

2024 жылдың мамыр айында «А.» мен «Б.» әкімдік ғимаратында өзара сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан. Сарапшының қорытындысына сәйкес, олар бір-біріне жеңіл зиян келтірген. Сотта екеуіде өз кінәсін мойындаған жоқ.

«Сот қаулысымен аудан әкімінің орынбасары «А.» және аппарат басшысы «Б.» Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-тармағы бойынша (құқық бұзушылық жасалған сәттегі редакциясында) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және олардың әрқайсысына 55 380 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды», - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметінен.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы Төбелес Айыппұл Әкім орынбасары

Тақырыпқа жаңалықтар