Ақмола облысында ер адам 14 жастағы қызды пышақтап өлтірді

Ақмола облысында ер адам 14 жастағы қызды пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ынтымак ауылында белгісіз адам 14 жастағы қызға бірнеше рет пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан жасөспірім көз жұмды.

Құқық қорғау органдары күдіктінің тұлғасын жедел анықтады. Іздестіру шаралары барысында 35 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Ақмола облыс ер адам қастандық

Тақырыпқа жаңалықтар