Ақмола облысындағы ауылда газ жарылды

Ақмола облысындағы ауылда газ жарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Желіде Жібек жолы ауылында сүт зауытында жазатайым оқиға болғаны хабарланды.

Онда тараған ақпарат бойынша газ-ауа қоспасы жарылған. Бірақ өрт шықпаған.

Екі адамды күйік шалғаны айтылған.

ТЖД күштері мен құралдары тартылмаған. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

«Осы жағдай бойынша жұмыс берушіден өндірістегі жазатайым оқиға туралы хабарлама түскен жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген облыстық еңбек инспекциясы департаменті хабарламасында.

газ Апат жағдай ТЖМ

Тақырыпқа жаңалықтар