Ақмола облысындағы турнирде ауыр жарақат алған ақтөбелік жасөспірім қайтыс болды

Қазақша күрестен халықаралық турнирде жас балуанды қарсыласы лақытрғаннан кейін, мойыны қайырылып қалған еді. Жасөспірім ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ерейментауда қазақ күресінен Перуаш Кәрімұлының құрметіне өткен республикалық жарыста оқыс жағдай болды.

Күрес кезінде Ақтөбеден келген 15 жастағы балуанды қарсыласы кілемге жыққанда ол мертігіп, мойынын қайырып алды. Жарыста кезекшілікте жүрген аурухана дәрігері дереу көмек көрсетті. Жасөспірім боз кілемнің үстінде клиникалық өлім күйін кешті. Спортшы Ерейментау аудандық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылды. Кейін Астанаға жеткізді. Бірақ жасөспірімді аман алып қала алмады.

 

Ақтөбе қазақша күрес Балуан қаза тапты

Тақырыпқа жаңалықтар