АҚШ-тағы әуежайға Дональд Трамптың есімі берілуі мүмкін

АҚШ-тағы әуежайға Дональд Трамптың есімі берілуі мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.

Флорида штатының Сенаты президенттің Палм-Бичтегі резиденциясына жақын маңда орналасқан әуежайды Дональд Трамптың құрметіне қайта атауды мақұлдады. Әуежай атауын өзгертуге сенаторлардың 25 мүшесі қолдаса, 11 заң шығарушы қарсы шықты, тағы үшеуі қалыс қалды.

Енді заң жобасын штат губернаторы мен АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасы бекітуі тиіс. Бұған дейін бұл бастаманы штаттың Өкілдер палатасы қолдаған болатын: 81 депутат мақұлдап, 30-ы қарсы болды.

Трам Әуежай есім АҚШ

Тақырыпқа жаңалықтар