Ақтауда эвакуация пункті ашылды
Ақтауда су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысы, Жылыой ауданының азаматтарына арналған эвакуация пункті ашылды. Қаланың 17 шағынауданында орналасқан жатақханаға Құлсарыдағы су тасқыны кезінде көшірілген тұрғындардың бір легі орналасады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Ақтау қаласы бойынша 24/7 CALL-орталық жұмыс тәулік бойы жұмыс істейді. Қажет жағдайда көмекке жүгінгендерде 8 (7292) 3 3 65 04 байланыс нөміріне хабарласа алады.
Бүгінде Маңғыстаулық дәрігерлер Бейнеу ауданына эквакуцияланғандарға медициналық көмек көрсетуге аттанған болатын.
Су басқан Құлсарыдағы ауруханадан 77 науқасты Маңғыстау облысына апаратыны мәлім болды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: