Ақтөбеде спорт мектебі тәрбиеленушісінің өлімінен соң кімдер жазаға тартылды
Фото: pexels.com
pexels.com
Қазақстан жаңалықтары23 тамыз 2024, 11:00

Ақтөбеде спорт мектебі тәрбиеленушісінің өлімінен соң кімдер жазаға тартылды

Ақтөбеде спорт мектебіндегі тәрбиеленуші өлімінен соң еркін күрес бөлімінің жаттықтырушы-педагог құрамы түгел өзгертілді. Жаттықтырушылар жұмыстан шығарылып, интернат директоры мен тәрбиешілерге қатаң сөгіс берілді. Қайғылы оқиғадан соң Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіндегі жұмысқа сараптама жасалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сонымен бірге прокурор ұйғарымымен заңсыздықтарды жою жұмыстары жүгізілді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Әбубәкір Бексұлтанның өлімінен соң қызметтік тексеру жүргізілді. Интернат директорына қатаң сөгіс берілді. Тәрбиешінің көмекшісі Есет Дүйсенов қатаң сөгіс алып, жұмыстан шығарылды. Тәрбиешінің көмекшісі Асылбек Тапесов, вахтер С.Қосмағамбетоваға қатаң сөгіс берілді. Ал директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сандуғаш Нұрмағамбетова қатаң сөгіс алып, жұмыстан шығарылды. Сонымен бірге еркін күрес бөлімінің жаттықтырушы-педагог құрамы толық өзгертілді. Атап айтқанда, Т.Сеитов жұмыстан шығарылды. К.Саванаев келісімшарт мерзімі аяқталған соң яғни, қазан айында жұмыстан шығарылады. А.Бекжанов еңбек демалысынан соң жұмыстан шығарылады. Оған қатаң сөгіс жарияланды. Жаттықтырушы А.Жарылқасынов жұмыстан шығарылды. Педагог-психолог Т.Советова қатаң сөгіс алды», - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ал қазіргі директор Қайрат Әжбағамбетов 2024 жылдың 8 ақпаны күні ғана, яғни қайғылы оқиға болардан бірер күн бұрын ротация арқылы тағайындалған.

«Қайрат Әжбағамбетов – білікті басшы, жауапкершілігі мол маман. Тағайындалған күннен бастап интернат жұмысын қолға алды. Оған прокуратура, ҚР адам құқықтары жөніндегі өкілдерінен құралған облыс әкімдігі комиссиясы анықтаған бұзушылықтарды жою тапсырмасы берілді», - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

спорт мектебі жасөспірім өлімі сот Ақтөбе

Тақырыпқа жаңалықтар