Ақтөбеде сүйіктісінің ата-анасын өлтірген адам өмір бойына сотталды
Ақтөбеде қанды қылмысқа үкім шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ақтөбеде «кепілге адам алу мен қос кісі өлтіру ісі» бойынша 38 жастағы Сәрсенбек Басанов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол бұрынғы азаматтық некедегі әйелін заңсыз ұстағаны және оған дене жарақатын салғаны үшін де айыпты деп танылды.
Судья сондай-ақ Басановты 27 млн теңге моральдық және материалдық өтемақы төлеуге міндеттеді.
Айыпталушы соңғы сөзінде кісі өлтіру ниеті болмағанын айтып, кешірім сұрады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: