Қазақстан жаңалықтары9 қаңтар 2024, 10:33

Ақтөбеге бара жатқан пойызда қыз бала дүниеге келді

Ақтөбеде пойызбен келе жатқан жолаушы әйелдің жолда толғағы келіп, жолсеріктің көмегімен қыз баланы дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі жариялады.

Жем станциясына жеткенде жаңа туған қыз бен оның анасын жедел жәрдем қызметкерлері күтіп алды. 

Кейін жаңа туған нәрестенің анасы қыздың есімін Малика қойғанын айтты.

Айтпақшы, елімізде соңғы үш жылда пойызда 11 сәби дүниеге келіпті.

Ақтөбе Пойыз сәби туды толғақ

Тақырыпқа жаңалықтар