"АрселорМиттал" Қазақстанды сотқа беруі мүмкін бе?
Қазақстан АрселорМиттал компаниясы келісімді тоқтату бойынша заң жұмыстарын жүргізіп жатыр дейді өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Үкімет АрселорМиттал компаниясымен келіссөз жүргізуді біраз уақыт бұрын бастаған. Біз құжаттарға алдын ала (22 қазан) қол қойдық. АрселорМиттал өз тарапынан қол қою шахтадағы қайғылы оқиғаға дейін болғанын растады. Сондықтан мәміле аяқ астынан жасалды деу - қате. Бұған дейін Үкімет АрселорМиттал компаниясымен біраз жұмыс жүргізді», - деді Қанат Шарлапаев.
Ал АрселорМиттал келісімнен бас тартып, Қазақстанды сотқа беруі мүмкін бе?
«Қазір АрселорМиттал акционерлерінің құрамынан шыққаннан кейін Қазақстанды одан әрі сот талқылауларынан қорғау үшін егжей-тегжейлі заң жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - дейді ол. - Компанияның атауы өзгереді. Бірақ бұл жағдай бойынша шешім әлі қабылданбады. АрселорМитталдың қазақстандық кәсіпорын акционерлерінің құрамынан шыққаннан кейі атауын өзгертуге құқығымыз жоқ. Шынымды айтсам, біз әлі қараған жоқпыз», - дейді Қ. Шарлапаев.