«АрселорМиттал Теміртауға» 3 млрд доллар инвестиция салу керек
«АрселорМиттал Теміртауға» келетін жаңа инсвестор 3 жылда қомақты сомада инвестиция салуы керек, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.
«Бұл жайында (инвестор туралы) жақын арада жариялаймыз. Негізгі талап – 3 жылдың ішінде кем дегенде үш млрд АҚШ доллары сомасында инвестиция салу керек. Бірінші кезекте өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, зауыттағы жабдықтарды жаңғырту, өндірісті кеңейту, әлеуметтік міндеттерді орындау, жалақыны толық төлеу ескерілген», - деді Ә.Смайылов.
Бұл тұрғыда ол аталған 3 млрд доллардың 1,3 миллардын бірден салу керек екенін атап өтті.
«Сондықтан осындай маңызды талап қойылып отыр. Бұл салаға тартылатын инвесторда мұндай мүмкіндіктері болуы тиіс», - деді премьер-министр.