Арыс маңындағы әскери бөлімде жарылыс болды
Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында оқ-дәрі бөлшегі жарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Stan.kz дерегінше, Қазақстан Қорғаныс министрлігі оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ ешқандай қирау тіркелмегенін жеткізген.
Оқиғаға құрғақ шөптің тұтануы себеп болған. Оқ-дәрі бұған дейін кәдеге жаратуға дайындалған.
“Қазақстанның оңтүстігіндегі әскери бөлім аумағында оқ-дәрі бөлшегі жарылды. Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ”, – деп хабарлады ведомство.
Өрт ошағы оқшауланды. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: