Қазақстан жаңалықтары20 маусым 2024, 16:00

Ашамай: Абай облысында 500 бала рекордтар кітабына енді

Абай ауданында Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойында 500 бала бір мезетте ашамайға отырды. Бүгінде ұмытыла бастаған дәстүрдің мақсаты – балалардың бойына ұлттық құндылықты дарыту, мықты, табанды болып өсуге баулу, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Абай облысының әкімдігі мәлімдеді.

Шараға Абай ауданына қарасты 9 ауылдық округтен 4 -15 жас аралығындағы балалар қатысты.
Олар бұған 2 ай бойы дайындалған.
Нәтижесінде түркітілдес мемлекеттер арасында жаңа рекорд орнап, Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

Қазақстан рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергенов 500 баланы ашамайға отырғызудан рекорд орнатқаны үшін сертификат табыстады.

Абай облысы ашамай ркорд Балалар

Тақырыпқа жаңалықтар