«Әскерде көз жұмған сарбаздардың ата-анасының наразылығы»: Тоқаев бас прокурорға тапсырма берді
Тоқаев әскерде қаза тапқан сарбаздардың ата-аналарынан түскен арызды қарауды тапсырды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Берік Асыловқа әскерде қаза тапқан сарбаздардың ата-аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды. Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
Еске салайық, кеше, 10 қарашада баласы азаматтық борышын өтеп я әскери қызмет атқарып жүргенде қаза тапқан бір топ адам Астанадағы үкімет үйіне барған еді. Олар Қазақстанның қарулы күштеріне реформа жүргізуді талап етті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: