Әскердегі сарбаздардың өлімінен кейін бірнеше командир лауазымынан босатылды

Қазақстан Қорғаныс министрлігі осы жылдың басынан бері әскери қызметкерлердің қаза болу жағдайына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, барлық фактілер бойынша нақты кадрлық және тәртіптік шешімдер қабылданды:

«Тәртіптік жауапкершілікке «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының командирі, штаб бастығы және тәрбие-идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасар тартылды. Қаза болған әскери қызметкер болған бөлімшенің командирі, оның орынбасары және батальон командирі лауазымдарынан босатылды».

Сонымен қатар, осындай трагедиялардың алдын алу үшін жедел шаралар кешені қабылданды.

«Тәрбиелік жұмыстың ұйымдастырылуына және әскери тәртіптің жағдайына бақылау күшейтілді. Қару қолдану, сабақтар, атыс және тапсырмаларды орындаудағы ережелерге қатаң талаптар қойылды», – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Сонымен қатар, әскери бөлімдерге әрбір әскери қызметкерді кешенді психологиялық тексеруден өткізу үшін комиссиялар жіберілді.

«Күндіз-түні бақылау жүргізіліп, құқық бұзушылықтар мен оқиғалардың алдын алу үшін қосымша профилактикалық шаралар қабылданды. Әскери қызметкерлер мен туыстарының тұрақты беәнебайланысы жүйеленді. Сонымен қатар, бөлімше командирлері де ата-аналармен тұрақты байланыста», — деп атап өтті министрлік.

Қорғаныс Министрлік Әскер Сарбаз

Тақырыпқа жаңалықтар