Астана әкімдігі жоғары оқу орындарына 850-ге жуық грант бөлді
Фото: gov.kz
gov.kz
Қазақстан жаңалықтары16 тамыз 2024, 13:34

Астана әкімдігі жоғары оқу орындарына 850-ге жуық грант бөлді

Астана әкімдігі елорданың жоғары оқу орындарына 850-ге жуық білім грантын бөлді. Гранттар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға бағытталған. Грант конкурсы бүкіл ел бойынша өткізіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

2024-2028 оқу жылдарына Астана әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 858 білім беру грантын бөлді. Астана әкімдігінің білім гранттары еліміздің сегіз жоғары оқу орнында оқу мүмкіндігін береді:

1) «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ;

2) «Астана халықаралық университеті» ЖШС;

3) «А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты»;

4) «Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы» ЖШС;

5) «Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ;

6) «А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті»;

7) «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» КЕАҚ;

8) «Астана медицина университеті» КЕАҚ.

Білім беру гранты үлестірілетін конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен үміткерлер қатыса алады.

Әкімдік ұсынған грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.

Астана әкімдігі 850 Грант ЖОО

Тақырыпқа жаңалықтар