Астана: Иіссшіл иттердің көмегімен жоғалған баланы тауып, нашақорды ұстады
Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
QR ÏÏM ulttıq ulanınıñ baspaz qızmeti
Қазақстан жаңалықтары27 қазан 2024, 12:28

Астана: Иіссшіл иттердің көмегімен жоғалған баланы тауып, нашақорды ұстады

Күн сайын қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Ұлттық ұланнан әскери қызметшілермен қатар, кинологтар да жұмылдырылады. Және олардың баптауындағы қызметтік иттер тыныштықты күзету кезінде құқық бұзушыларды құрықтауға,қылмыстарды ашуға септігін тигізеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мысалы, 25 қазан күні сағат 20:45 шамасында Астана қаласы Қажымұқан көшесі, 6-үйден кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы шұғыл хабарлама түседі, - деп жазады Kazinform агенттігі.

5573 әскери бөлімі кинологиялық қызметінің аға маманы қатардағы Әлішер Сүлейменов оқиғаның мән-жайын анықтап, жоғалған 8 жасар баланы іздеу үшін Зорро есімді қызметтік иттің көмегіне жүгінеді. Әлішердің қызметте әбден шыңдалған төрт аяқты серігі баланың жеке затын иіс алып, бірден ізге түседі. Көп ұзамай, балақай табылып, ата-анасына аман-есен табысталды.

Сол күні әскери жасаө бастығы Еркебұлан Парымбеков, патрульші сарбаздар қатардағы Ермахан Сұлтанов, Даниал Кенжебайұлы және кинолог ефрейтор Абылайхан Оразбек елорданың Есіл ауданында орналасқан Орал көшесін барлау кезінде шөптен бірдеңе іздеп жүрген күдікті адамды байқайды. Ефрейтор Оразбек бірден Хух есімді итке пәрмен береді.

— Біздегі иттер жарылғыш заттарды тапқыш, із кескіш деген сияқты бағыттарда тәрбиеленеді. Ал мен баптайтын Хух есірткі өнімдерін табуға бейімделген. Шөп арасынан сары таспамен оралған байлам тауып шықты. Күдікті мен есірткіні одан әрі тексеру мақсатында оқиға орнына полиция қызметкерлерін шақырдық, - дейді ұландық кинолог.

Бүгінгі таңда елордалық жедел құрама қатарында 30-дан астам ит бар. Олар ҚР ІІМ Ұлттық ұланы қызметінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ашуға кеңінен қатысып келеді.

жоғалған бала нашақор Астана иішіл иттер

Тақырыпқа жаңалықтар