Астанада ер адам тұрғын үйдің ауласында оқ жаудырды

Астанада 25 жастағы ер адам мас күйде тұрғын үйдің ауласында оқ атты, деп хабарлайды Arbat.Media.

WhatsApp арқылы редакция нөміріне бірнеше видео келіп түсті. Алғашқы кадрларда тұрғын үй ауласында оқ атылған дыбыстар естіледі. Қорыққан көршілер оқиғаны телефонға түсіріп алмақ болған.

Екінші видеода қолында қаруы бар ер адам оқ атып, тұрақтағы көлікке тигізеді. Осыдан кейін ол тапаншаны өз басына тақаған.

Астана полициясының мәліметінше, оқиға тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Ер адам газды тапаншадан оқ атқан.

"Бұл факт бойынша елорданың 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның мас күйде тұрғын үй ауласында газды тапаншадан бірнеше рет оқ атқаны анықталды. Қару тәркіленді", – деді полиция.

Астана оқ атты тұрғын полиция

Тақырыпқа жаңалықтар