Астанада мемлекетаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды
Астаналық полиция қызметкерлері азаматтарды 70 млн теңгеден астам сомаға алдап-соққан әйелді ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Елорданың полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу кезінде мемлекетаралық іздеуде жүрген 43 жастағы әйелді ұстады. Ол 2022 жылдан бастап адамдардың сеніміне кіріп, бизнесті дамытуға жеңілдікпен кредит беруге уәде бере отырып, азаматтарды 70 миллион теңгеден астам сомаға алдағаны анықталды», - деді Астана қаласы ПД басшысы Марат Төлебаев.
Сондай-ақ, желідегі жазбада іздеудегі әйелдің қамауға алынғаны айтылған. Осыған орай Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге және күмәнді мәмілелерге қатыспауды ескертеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: