Астанада такси жүргізушісін балағаттан ер адам қамауға алынды
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бейнежазбадан ер адамның көлік салонында жүргізуші қызға тиісіп, балағат сөздер айтқанын көруге болады.
Құқықбұзушылықты полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықтаған.
«Аталған факт бойынша 39 жастағы құқық бұзушы Данияр Ахметовке қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды. Соттың шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: