Астанада жеделсатыда бұзақылық жасаған әйел ұсталды
Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде белгісіз адам лифтіде бұзақылық жасады. Бүгінде кінәлі адам табылып, жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жариялады.
Оқиға Жирентаев көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Белгісіз адам лифтіге кіріп, оны тепкілей бастаған, сонымен қатар кабинаны жұдырықпен ұрып, тырнап, түкірген.
Алматы аудандық Полиция басқармасының полицейлері қылмыскердің жеке басын анықтады. Ол 33 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Оны уақытша ұстау бөлмесіне орналастырды.
Осы іске қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны және жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: