Қазақстан жаңалықтары1 тамыз 2024, 9:12

Астанада жоғалған кәсіпкердің денесі Ақмола облысынан табылды

Астанада жоғалған кәсіпкердің денесі Ақмола облысының Целиноград ауданы аумағынан табылды. Қозғалған қылмыстық істі астаналық полицейлер тергеп жатыр. Ақмола облысы ПД қызметінің мәліметінше, Астана тұрғынының өліміне байланысты «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Істі тергеу аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Іс аумақтық жағынан Астана қаласының полиция департаментіне беріледі», - деп түсіндірді ведомстводан, - деп жазады Kazinform агенттігі.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

 

Астана кәсіпкер өлім Ақмола облысы

Тақырыпқа жаңалықтар