Атырау облысында аңға шыққан ер адам досын атып өлтірді

6 желтоқсан түнде Қызылқоға ауданында 36 жастағы ер адам 39 жастағы серігін абайсызда атып өлтірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға сағат 02:30 шамасында Аққора ауылынан 30 шақырым жерде, Жасқайраттан алыс емес маңда болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар аңшылыққа шыққан және оған дейін алкоголь қолданған. Қаруымен дұрыс жұмыс істемеу қайғылы оқиғаға себеп болған.

Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп, барлық мән-жай анықталып жатыр

Атырау Аң Апат Қызылқоға

Тақырыпқа жаңалықтар