Атырауда концерт кезінде ата-анасынан көз жазып қалған 80-ге жуық бала дін аман табылды
Атырауда Исатай-Махамбет алаңында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара кезінде 78 бала ата-анасынан көз жазып қалған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полицияның мәліметінше, барлық бала жедел түрде табылып, ата-анасына табысталған. Олардың басым бөлігі бір сағатқа жетпей анықталыпты.
«Тек бір жасөспірімді полицейлер 3 сағатқа жуық іздеді. Көпшілік шара барысында ата-анасынан көз жазып қалған 7 жастағы жасөспірім бейнекамералар арқылы анықталды. Бүлдіршін анасын таппаған соң, бірден оның жұмыс орнына баруға шешім қабылдаған. Балақайды камера арқылы анықтаған инспекторлар анасына әкеп қауыштырды», деп хабарлады ІІМ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: