Қазақстан жаңалықтары16 қаңтар 2024, 11:12

Атыраудағы №2 облыс ауруханасының ластығы жұртты шошытты

Аурухананың ластығы жұртты шошытты. Атыраудағы №2 облыс ауруханасының мүшкіл жағдайы әлеуметтік желіге жарияланды. Оны жұпыны палатада жатқан науқастың анасы түсіріп алыпты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Баласы ішек инфекциясынан ем-дом алып жатқан әйел бұл ауруханада ешқандай жағдай жасалмағанын айтады.

Бәрі ескі-құсқы, тазалықтан мақұрым деп ашынды.

Ал аурухана әкімшілігі емдеу мекемесі 2016 жылдан бері күрделі жөндеу көрмегенін, оған қоса науқастардың көптігінен палаталарға ескі кереует кіргізуге мәжбүр болғанын айтып ақталуда. 

Айтуынша, тазалық уақтылы жасалады, төсек-орындар да санитарлық талапқа сай көрінеді. Аурухана басшылары биыл ғимаратқа жөндеу  жүргізіледі деп сендірді.

Атырау облысы Аурухана антисанитария

Тақырыпқа жаңалықтар