Автобус апатынан аяғынан айырылған қызға қатысты тың дерек шықты

Астанадағы автобус апатынан зардап шеккен Алуаның отбасына автопарк өмір бойы көмектеседі, деп хабарлайды Arbat.Media.

№1 автопарк өмір бойы көмектесуге уәде берді. 5 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Махаббатқа жан-жақты материалдық қолдау көрсетіледі және барлық қажетті шығындары өтелмек. Бұл уәде заң жүзінде рәсімделеді.

Бұл туралы зардап шеккен қыздың туыстары автопарк басқарма төрағасы Мадияр Тұқпатовпен кездесуден кейін хабарлады.

Бұған дейін:

Сақтандыру компаниясы — 19,6 млн теңге өтемақы;

Автопарк басшылығы — 10 млн теңге көмек;

Қала әкімдігінен — 4-бөлмелі пәтердің кілті тапсырылған болатын.

Астана автобус Апат аяқ

Тақырыпқа жаңалықтар