Азамат Сатыбалды алғаш рет зайыбының не үшін бала көтере алмайтынын айтты
Қазақстандық танымал актер Азамат Сатыбалды зайыбы Назгүлдің денсаулығына байланысты бастан өткерген қиын кезеңдері туралы сыр шертті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Актердің айтуынша, ерлі-зайыптылардың бір ғана ұлы бар. Алайда бұл жағдай қоғам тарапынан түрлі түсінбеушілік пен ауыр сөздерге себеп болған.
«Бізде бір ғана ұл бар. Кейде адамдардың сөздері қатты тиіп, намысыңа тиетін сәттер болады. “Туып алмайсыңдар ма?”, “Бір баланың бетіне қарап не істеп жүрсіңдер?” дегендер болды. Бірақ олар сенің ар жағыңда не болып жатқанын білмейді. Біз екеуміз де көпбалалы отбасынан шықтық. Бірақ Алла бізге бір ғана ұл берді. Бір баламен тоқтап қаламыз деп ойламадық», — дейді ол.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: