Балқаш ЖЭО-сы заң бұзды
Балқаш ЖЭО-сы экологиялық заңбұзушылықтар үшін 21 млн теңгеге жуық айыппұл төледі, деп хабарлайды Arbat.Media.
Kazakhmys Energy ЖШС-не қарасты Балқаш жылу электр орталығы жоспардан тыс экологиялық тексеріс нәтижесінде 21 млн теңгеге жуық айыппұлға тартылды.
Тексеру барысында кәсіпорынның күл аралас ағын суларды рұқсатсыз апаттық тоғанға ағызғаны анықталды.
Сондай-ақ экологтар Балқаш көліне баратын арналардың бүлінгенін және қорғаныш қоршауларының жоқ екенін тіркеді. Компанияға анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Айыппұл толық көлемде төленді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: