Қазақстан жаңалықтары26 қыркүйек 2025, 19:35

Балқашта көк түтінге оранған пәтерден ерлі-зайыпты дәрігерлердің денесі табылды

Ерлі-зайыпты Наталья Шерстова мен Юрий Шерстовтың денесі өртке оранған үйінен табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйек күні түсте болған. Марқұмдардың туыстары өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалып, үйді түтін басқанын айтқан. Өрт сөндірушілер келіп үйден әйел мен ер адамның денесін алып шықты.

Қайтыс болған дәрігерлердің ұлы да дәрігер екен. Ол Қарағанды қаласының №3 көпсалалы ауруханасы директорының емдеу жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді.

Өрт зертханасының мамандары өрттің неден пайда болғанын анықтап жатыр.

Балқаш Қарағанды Дәрігер қаза тапты
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар