Қазақстан жаңалықтары5 қазан 2023, 14:30

Балық аулап жүрген үш адам суға кетіп өлді

Жыл басынан бері Түркістан облысында балық аулап жүрген үш адам суға кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Түркістан облысы ТЖД бастығының міндетін уақытқша атқарушы Бақытжан Запаровтың айтуынша, соңғы бес жылда балық аулап жүрген 12 адам суға кеткен. 2018 жылы 7-адам, 2019 жылы 2-адам, 2020 жылы 2-адам, 2022 жылы 1-адам қайтыс болған. Жыл басынан бері үш адам балық аулау кезінде суға кетіп қаза болған. Оның біреуі кәмелетке толмаған жас бала.

«Төтенше жағдайлар департаменті Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы РММ-сі, полиция департаменті, қалалар мен аудандардың әкімдерімен бірлесіп тұрақты түрде балық аулау орындарында рейдтік және потрульдік іс-шараларды ұйымдастырып келеді. Барлық ақпараттандыру жүйелерін пайдалана отырып, су айдындағы қауіпсіздік қағидаларын халыққа жеткізу мақсатында кездесулер өткізіп, насихат жұмыстарын жүргізуде. Облыс түрғындары мен қонақтарына балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын сұраймыз» - деді азаматтық қорғау полковнигі Бақытжан Запаров.

Түркістан облысы Балықшылар қаза тапты Оқыс оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар