Батыс Қазақстанда мал қырылып жатыр
АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық департаменті әлеуметтік желілерде малдың жаппай ауруға шалдығуы және қырылуы туралы жарияланымдарды тексеріп жатыр. Желідегі жазба авторы мұның себебін жұқпалы аурудың өршуі деп болжайды. Сондай-ақ, оның айтуынша, жергілікті халық ұзаққа созылған жаңбырдан ұсақ мал әлсіреп кеткенін айтқан, - деп хабарлайды Arbat.media.
24 шілде күні таңғы сағат 6:00–ден бастап Қазталов ауылында қатты жаңбыр жауған, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Шопан жайылымнан қойын ауылға айдай алмай, Қазталов ауыл округіндегі Мышым қыстауына тастап кеткен.
Салдарынан 25 шілдеге қараған түні 38 бас қой-ешкі қырылды.
«Сол күні ветеринарлық қызмет мамандары өлекселерді мал қорымына шығарды. Аса қауіпті ауруларды болдырмау үшін өлген 2 бас қой мен 1 ешкіден патологиялық материалдар іріктеп алынып, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық зертханасына жіберілді» дейді АШМ баспасөз қызметінен.
Нәтижесі 5 тамызда дайын болады.
Эпизоотиялық жағдай осы аумақтың ветеринарлық қызметінің бақылауында.