Қазақстан жаңалықтары5 сәуір 2024, 13:00

Бельгияда өскен қазақ баласы асырап алған анасын көрсетті

Қазақстанда туып, Бельгияда өскен, енді биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев әлеуметтік желідегі парақшасында өзін асырап алған анасын көрсетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Оның айтуынша, анасының есімі - Валери, ол барлық сұраққа жауап беруге дайын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Murat Saveliev (@muratsaveliev)

«Бұл - мені асырап алған анам Валери. Ол маған Испанияға Бельгиядан қонаққа келді. Валери мені асырап алу үшін 2004 жылы Қазақстанның Арқалық қаласына келген. Сіздерде де көптеген сұрақтың барын сеземін. Пікір алаңына сұрақтарыңызды қойыңыз, Валери оларға жауап бере алады деп ойлаймын. «Валери неге бала асырап алды? Неліктен Валери баланы Қазақстаннан асырап алғысы келді?» деген сынды сұрақтар сіздерді де толғандыратын болар?», деп жазды желідегі парақшасына Жәнібек.

 

 

Жәнібек Савельев бельгиялық қазақ асырап алған анасы

Тақырыпқа жаңалықтар