Қазақстан жаңалықтары12 қараша 2023, 0:07

Бишімбаевтың ісі: Астана полициясы әйелдің өліміне түсініктеме берді

Астана полициясы әлеуметтік желідегі парақшасында Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты жазба жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.

— Астана қаласының полиция департаменті мейрамханада әйелді өлтіру фактісі бойынша тергеу Қазақстан Республикасының «кісі өлтіру» ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Күдікті Астана қ. ПД ИВС-ға қамалды. Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені өткізіледі. Тергеу барысы ІІМ басшылығының бақылауында. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, — делінген полицияның Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады. 

Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өлімі бойынша тергеу басталғанын хабарлаған болатынбыз.Қуандық Бишімбаев

Қуандық Бишімбаев түсініктеме Астана полициясы әлеуметтік желі

Тақырыпқа жаңалықтар