Биыл 70 мектеп ашылды, 16-сы — «Жайлы мектеп»
Жаңа оқу жылы басталып, елімізде биыл 350 мыңнан астам бүлдіршін мектепке алғаш қадам басты. Ал 11-сыныпқа 219 мың оқушы өткен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.
Мектептерде 4 миллионға жуық бала тәлім алып жатыр. Олар ер жеткенше мектепт саны ел аумағында 8 мыңға жетіп қалды. Бірақ соның өзінде де орын тапшылығы әлі де күрделі мәселе. Әсіресе ауыл-аймақтарда қиын.
Кейбір өңірде оқушылар үш, тіпті төрт ауысыммен оқуға мәжбүр. Осыған байланысты елімізде жылда жаңа мектептер салынып, ескілері жөнделіп жатыр.
Биыл 90 мыңға жуық оқушыға арналған 70 мектеп ашылды. Оның 16-сы президент пәрменімен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында тұрғызылған.
Мереке Амангелдіқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі:
— «Жайлы мектеп» жобасы бойынша биыл 217 мектеп құрылысы жүріп жатыр. 16-сы қолданысқа берілді. Енді қалғаны әр үш апта сайын кезең-кезеңмен аяқталады. Осылайша, осы оқу жылының соңына дейін бәрінің есігі ашылады.