Қазақстан жаңалықтары14 ақпан 2024, 13:35

Биыл қыркүйекте «Келешек» бағдарламасы іске қосылады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде "Келешек" бағдарламасы қашан іске қосылатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Келешек» бағдарламасы биыл іске қосылады. Заң жобасы Мәжілістің қарауына енгізіліп, талқылаулар басталды. Парламенттің осы сессиясының соңына дейін талқылауларды аяқтауды тырысып жатырмыз. Сессия соңына (жаз айларында) дейін іске асырсақ, онда биыл қыркүйек айынан бағдарламаны жүзеге асыру басталады», - деді С. Нұрбек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырған еді. 

 

Саясат Нұрбек «Келешек» бағдарламасы

Тақырыпқа жаңалықтар