Қазақстан жаңалықтары7 ақпан 2024, 10:00

Блогер қараусыз ит-мысықты тамақтандыру жолын ұсынды

Ақтаулық Владислав Прохоров өзі ойлап тапқан радиомен басқарылатын ойыншық көлікті бейнекамера және арнайы табақшамен жабдықтап, қаңғыбас жануарларды қоректендіріп жүр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Өңірдің қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, қала тұрғынының бұл әрекеті көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерген.

— Бір жылдан астам уақыт бұрын иесіз қалған ит-мысықты күнделікті қалай тамақтандыратынымды көрсететін блог жүргізе бастадым. Бұралқы иттер мен мысықтардың таңсық әрекеті, қорегіне ауыз салмас бұрын жиі иіскейтіні мені таң қалдырды. Жануарлардың өз азығы үшін айла-қулығы түсірілім барысындағы ең қызықты кадрлар деуге болады. Менің мұндағы көздегенім — қоғам назарын иесіз жануарларға аударып, оларға қамқорлық жасауға үгіттеу. Әрекетімнің нәтижесінде адамдар қаңғыбас иттер мен мысықтарға тамақ беріп бастады. Мен үшін бұл үлкен көрсеткіш болып отыр, — дейді Владислав Прохоров.

Сондай-ақ, блог авторы ауру мысықтар мен иттерді емдейтінін айтып отыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 👀 Эйс Вентура 👀 (@prohor.tv)

— Түсірген бейнежазбаларымда мысықтың ауырып тұрғаны байқалса, көрермендерім оны емдеуге ұсыныс тастайды. Тіпті, кейбіреулері мысықты емдеу үшін ақша жібереді. Мысалы, 12 жастағы Маркиз есімді мысықты кездестірдім. Оның жағдайы өзге мысықтармен үнемі төбелескендіктен өте нашар еді. Маркиз өмір сүрген ауланың тұрғындары оны маған бірден бергісі келген жоқ. Десе де, оларды көндіріп ауырып тұрған мысықты 5 күн бойы дәрігерге апарып, емдеп алдым. Өкінішке қарай, жақында жасы келіп қайтыс болғанын естідім, — деді Владислав Прохоров.

 

Ақтау блогер Ұсыныс ит-мысықты тамақтандыру

Тақырыпқа жаңалықтар