Браконьер балық испекторларынан қашамын деп қайтыс болды
Исатай ауданы Забурын ауылының маңында балық испекторларынан қашқан браконьер қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Балық қорғау инспекторлары бортында бірнеше адам болған белгісіз қайықты қуған. Олардан қашан ер адамдардың бірі қайық ішінде есінен танып, көп ұзамай көз жұмды. Болжам бойынша, марқұм инфаркт алған болуы мүмкін.
Марқұмның серіктері оның денесін қалаға жеткізуге тырысқан. Бірақ жолда оларды полиция ұстады. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Редакция Атырау облысының балық инспекциясынан түсініктеме сұрады. Алайда олардан жауап болмады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: