Бүгін туған балаға Атазаң деген есім қойылды

Маңғыстау облысында референдум күні туған балаға Атазаң деген есім қойылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол – отбасындағы тоғызыншы перзент.

Ұл бала 4130 грамм салмақпен, 57 сантиметр боймен өмірге келді.

"Ұлымыз ел үшін маңызды күні дүниеге келді. Сол себепті бұл күн отбасымыздың тарихында мәңгі сақталсын деп оған Атазаң деп ат қойдық. Болашақта елін сүйетін, Отанға пайдасын тигізетін азамат болып өссе дейміз", – деді нәрестенің анасы.

Маңғыстау өңір референдум есім

Тақырыпқа жаңалықтар