Burger King Kazakhstan-дағы дау: Ресейден келген жұмысшылардың әрекетінен ұлтаралық алауыздық белгілері анықталмады

Burger King-тің бұрынғы аймақтық басшы Сергей мен оның жұбайы жұмыс орнында Қазақстан мен қазақтарға қатысты қорлайтын мем жапсырды деген ақпарат тараған еді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алматының полиция департаменті қазақстандықтардың ашуын туғызған мемге тексеру жұмыстарын жүргізді.

“Тексеру нәтижесінде ұлтаралық алауыздық белгілері анықталмады. Бұл еңбек қатынасындағы жағдайлар болып саналады. Сондықтан Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері шағымданушыларға еңбек құқықтары бұзылған жағдайда тұрғылықты жерінен өтініш беру тәртібі мен мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді”, – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.

Қазақстан Ресей Жұмысшы ұлтараздық

Тақырыпқа жаңалықтар