Burger King-тегі жағдай министрлік бақылауында

Burger King-тегі жағдай министрлік бақылауында екені мәлім болды, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған жағдай ведомствоның бақылауында екенін мәлімдеді.

Алматы қаласының мемлекеттік еңбек инспекторы Әлібек Қаратай қызметкердің отбасымен байланысқа шығып, еңбек заңнамасындағы кепілдіктер мен өтініш беру тәртібін түсіндірді.

«Жұмыс берушіден алынған ақпаратқа сәйкес («QSR» ЖШС (Burger King)), ұйым ішінде қызметтік тексеру жүргізілуде. Тексеру кезеңінде басшылардың бірін уақытша қызметінен шеттету туралы шешім қабылданды»,-делінген министрлік хабарламасында.

еңбек Министрлік Қызмет лауазым

Тақырыпқа жаңалықтар